Жаңалықтар

А.Қ. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫНДА «АРХИВ ІСІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР: ДАМУ ҮРДІСТЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА КӨШПЕЛІ ДӘРІС ӨТТІ

23 мамыр 2023

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында «Архив ісіндегі цифрлық технологиялар: даму үрдістері мен келешегі» тақырыбында көшпелі дәріс өтті. Іс-шараға А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының І курс студенттері қатысты.

«ТҰРАН» КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН КӨШПЕЛІ ДӘРІС

21 мамыр 2023

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентікітапханасының ғылыми-білім беру бағдарламасыаясында елордалық «Тұран» колледжініңстуденттеріне «Қазақстандағы ислам: тарихы, мәселелері, болашағы» атты көшпелі дәріс өтті.

Қазіргі Қазақстандағы ислам дінінің қазақхалқының руханияты мен мәдениетінқалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.

«Дәріс тақырыбы қызықты және өзекті. Материал жақсы құрылымдалған жәнеаудиториямен оңай қабылданады», – дейдіколледждің тәрбие бөлімінің диспетчері ДиляраАхметқалиева.

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАСЫНДА ПЕДАГОГИКАНЫҢ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕМЕН АЛМАСУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

17 мамыр 2023

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасында «Мұғалімнің кәсіпқой шеберлерінің қадамдары» атты семинар өтті.

Педагогикалық идеялар шеберханасы – Астана қаласы әкімдігінің әдістемелік орталығымен бірлесіп өткізетін жыл сайынғы іс-шарасы. Бұл іс-шара жұмыс істеудің жаңа әдістерін іздеуге талпынатын белсенді әрі шығармашыл мұғалімдерге бағытталған.

«НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫН ЖАЛҒАСУДА

16 мамыр 2023

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент кітапханасында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік турнирдің іріктеу сатысының кезекті ойыны өтті. Оған № 26 мектеп-гимназиясы мен № 60 және № 92 мектеп-лицейлерінің командалары қатысты. Қатысушыларды сыныптастары мен мұғалімдері келіп қолдады.

Қазақстан тарихы туралы білімдері мен логикалық ойлау және шешендік өнер бойынша жарысқан жас зияткерлер бірлік, командалық рух және жеңіске деген ерік-жігердің не екендігін көрсетті.

Қызу жарыс барысында келесі кезеңге қатысушы ретінде «Жас ұлан»командасы № 60 КБ анықталды.

ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕР

10 мамыр 2023

Осы оқу жылы ішінде, қыркүйек-мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент кітапханасы апта сайын Қазақстанның барлық облыстарынан келген жоғары сынып оқушылары мен студенттеріне арналған екі күндік семинар-тренингтер өткізіп келеді. 2023 жылғы білім беру бағдарламасы «Жаңа Қазақстан: әділетті қоғам» тақырыбында болды.

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР! СІЗДЕРДІ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР ЖӘНЕ ЖЕҢІС КҮНДЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!

07 мамыр 2023

Екі мерекенің елімізде бір мезгілде аталып өтуі кездейсоқ емес. Бұл Отан қорғаушылар ұрпақтары арасындағы ажырамас байланыс пен сабақтастықтың көрінісі десек те болады.

Батыр бабаларымыз ғасырлар бойы байтақ жерімізді найзаның ұшымен, бiлектiң күшiмен қорғап бізге қалдырған. Еліміздің ерлік шежіресінің жарқын беттерінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы әкелеріміз бен аталарымыздың батылдығы. Біз және біздің болашақ ұрпақтары үшін олардың қайсарлығы туған елге деген қалтқысыз сүйіспеншіліктің үлгісі екені сөзсіз. 

ОТАНДЫҚ СПОРТТЫҚ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ САҒАТ

05 мамыр 2023

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында Қазақ спорты журналистикасының негізін қалаушы, жазушы Сейдахмет Бердіқұловтың 90 жылдығына арналған «Журналистика әлемінің сұлтаны» атты әдеби сағат өтті. 

Әдеби сағатқа Астана қаласының №77 мектеп-гимназиясының педагогтары мен оқушылары қатысты.

Іс-шара аясында С. Бердіқұловтың өмірі мен қызметі туралы таныстырылыммен қатар, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, журналист-жазушы, публицист Жанат Елшібек өз естеліктерімен бөлісті.

ЖАС ҰРПАҚТЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ БАУЛАЙТЫН КӨШПЕЛІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ЖОБА

05 мамыр 2023

2023 жылдың 4 мамырында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған «Ұлы Дала ұландары» көшпелі экскурсиялық жобасы мен көрмесінің ашылуы өтті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Кітапханасы мен Ұлттық қорғаныс университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылған игі іс-шараны сенімді серіктестіктің нәтижесі деп айтуға болады.

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАСЫ «ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАНДАРЫ» КӨШПЕЛІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ЖОБАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

04 мамыр 2023

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған «Ұлы Дала ұландары» көшпелі экскурсиялық жобасы мен көрмесінің ашылуы өтті.