Жаңалықтар

«ИНКЛЮЗИВТІ МУЗЕЙ. ІЗГІЛІККЕ ҚАДАМ» АТТЫ КӨШПЕЛІ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ

22 ақпан 2023

Астана қаласы әкімдігінің № 2 арнайы мектебінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасы ұйымдастырған «Инклюзивті музей. Ізгілікке қадам» атты көшпелі тактилді көрменің ашылуы өтті.

Бүгінде елімізде ерекше мүмкіндіктері бар азаматтарға көп көңіл бөлініп, өмір сүрудің барлық салаларында қолжетімді, кедергісіз орта қалыптастыруға бағытталған шаралар жүзеге асырылуда.

«НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫ ЖАЛҒАСУДА

22 ақпан 2023

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент кітапханасында «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық турнирінің 2023 жылдағы екінші іріктеу ойыны өтті.

Ойынға Астана қаласының №88 мектеп-лицейі, Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы және №59 мектеп-лицейінің 10-11 сынып оқушыларының құрама командалары қатысты.

Қазақстан тарихын білуге арналған интеллектуалды викторинаның мақсаты – оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін, шешендік шеберлігін, ойлау өткірлігін дамыту, сондай-ақ ел тарихын зерттеуге деген қызығушылығын арттыру.

КІТАПХАНАДА «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ АРХИВ ҚОРЫНЫҢ ҚҰЖАТТАРЫН ПАЙДАЛАНУ» АТТЫ ДӘРІС ӨТТІ

21 ақпан 2023

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану» тақырыбы бойынша теориялық және практикалық сабақтар циклнан кезекті дәріс сабағы өтті. Іс-шараға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері қатысты.

ЕЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ҮШІН ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕР САБАҒЫ

17 ақпан 2023

Астанадағы Ы.Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназиясының оқушылары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасына келіп, «қазақ музыкалық өнері» музей сабағына қатысты.

«Қазақстанның мақтанышы» залындағы экспозициялардың бірінде тақырыптық сабақта оқушылар қазақтың ұлттық аспаптарының жасалу тарихы туралы білді және экспонаттар арқылы олардың құрылғысының ерекшеліктерімен танысып, олардың әуезді үнін тыңдады.

АСТАНАДА «МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРА - АУМАҚТЫҚ ТҰТАСТЫҚ ПЕН ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗІ» АТТЫ САРАПШЫЛАР КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

16 ақпан 2023

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР Заңының қабылданғанына 30 жыл толуына орай «Мемлекеттік шекара – аумақтық тұтастық пен қауіпсіздіктің негізі» атты сарапшылық кездесу өтті.

Кездесу барысында Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қалыптастыруға қатысты кең ауқымды өзекті мәселелер қозғалды.

КІТАПХАНАДА «М. МАҚАТАЕВТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

16 ақпан 2023

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында «Тәуелсіздік тарихына замандастар көзқарасы» іс-шаралар айдары шеңберінде «М.Мақатаевтың мәңгілік мұрасы» атты кездесу өтті. 

Іс-шараның құрметті қонағы филология ғылымдарының кандидаты, доцент Лаура Ноғайбекқызы Дәуренбекова болды. 

Кездесуге А.К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенттері қатысты.

Лаура Ноғайбекқызы жастарды М. Мақатаевтың шығармалары мен аудармашылық шеберлігіне байланысты зерттеулермен таныстырып, ақынның шығармашылық өміріне байланысты қызықты фактілермен бөлісті.

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МҰРАЖАЙ САБАҒЫ

14 ақпан 2023

14 ақпанда № 95 «Алматы» балабақшасының даярлық тобының тәрбиеленушілері үшін көшпелі музей сабағы өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасының «Музей және балалар (кішкентайларға арналған алфавит-нұсқаулық)» ғылыми-ағарту жобасы аясында ұйымдастырылды.

«ТАБЫСТЫ ЖАСТАР – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

10 ақпан 2023

Тұңғыш Президент кітапханасында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және Astana IT University студенттері «Табысты жастар – Тәуелсіз Қазақстанның болашағы» атты кездесуге қатысты.

«Жаңа Қазақстан: әділетті қоғам» атты екі күндік семинар-тренинг аясында ұйымдастырылған іс-шараның қонағы және спикері «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Тимур Жұмырбаев болды.

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАСЫ ЕКІ КҮНДІК СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕРДІҢ ЖАҢА ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ӘЗІРЛЕДІ

08 ақпан 2023

8 ақпанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасы студенттер мен оқушыларға арналған «Жаңа Қазақстан: әділетті қоғам» жаңа оқу бағдарламасы бойынша дәстүрлі екі күндік оқыту семинарларын бастады.

Дәрістің алғашқы тыңдаушылары мен тренингтерге қатысушылар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және Астана IT университетінің студенттері болды.

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КІТАПХАНАСЫ КӨШПЕЛІ ДӘРІС ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

08 ақпан 2023

Елордадағы Басқару колледжінің студенттеріне «Қазақстандағы ислам: тарих, проблемалар, перспективалар» тақырыбында көшпелі дәріс өткізілді. 

«Дәрістің өзектілігі еліміздің тарихы сан ғасырлар бойы қазақ халқының төл руханияты мен мәдениетін қалыптастырудың негізгі қайнар көздерінің біріне айналған ислам дінімен сабақтас болуымен байланысты. Қазақстандық қоғамдағы исламның рөліне ерекше назар аударудың ғылыми-теориялық және практикалық маңызы бар», - деп атап өтті сабақты бастаған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасының лекторы Гүлден Қарағызова.