Жаңалықтар

КІТАПХАНАДА АРХИВТІК ҚҰЖАТТАРДЫ ЖАРИЯЛАУ БОЙЫНША ДӘРІС ӨТТІ

03 мамыр 2023

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Архивтік құжаттарды жариялау» тақырыбы бойынша Кітапхана базасында теориялық және практикалық сабақтар циклнан кезекті дәріс сабағы өтті. 

Іс-шараға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттері қатысты.

Сабақ барысында тыңдаушылар архивтік құжаттарды жариялау ұғымымен, жарияланған құжаттардың типтерімен, түрлерімен және нысандарымен танысты. Сонымен қатар, басылым үшін құжаттарды анықтау және іріктеу, ғылыми-анықтамалық аппаратқа құжаттарды археографиялық рәсімдеу мәселелері қозғалды.

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КІТАПХАНАСЫ КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУДІ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

02 мамыр 2023

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасының «Тәуелсіздік тарихына замандастар көзқарасы» іс-шаралар циклы шеңберінде Астана қаласы № 82 «Дарын» мамандандырылған лицейінде халықаралық республикалық, облыстық, қалалық әдеби байқаулардың жеңімпазы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Бауыржан Қарағызұлымен көшпелі кездесу өтті. 

Іс-шара республикада жыл сайын 21 мамырда атап өтілетін Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылды.

Құрметті отандастар! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

01 мамыр 2023

Этносаралық және конфессияаралық толеранттылық, қоғамдық келісім мен өзара сыйластық қағидаттарына негізделген бірлігіміз – тәуелсіз мемлекетіміздің табысты болуының басты факторы және оның баянды болашағының кепілі. Мұны әрқайсымыз әрдайым есте сақтап, бірлігімізді көздің қарашығындай сақтауға және қорғауға бар күш-жігерімізді салуымыз керек.

Әр шаңырақта бақыт, жайлылық пен береке орнасын!

 

Ізгі тілекпен,

Қазақстан Республикасы 

Тұңғыш Президенті

кітапханасының директоры

ЕЛОРДАЛЫҚ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ӨЗДЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫН ҰСЫНДЫ

28 сәуір 2023

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент кітапханасында 8-11 сынып оқушылары арасында «Әлемді өзгертетін идеялар» атты жыл сайынғы қалалық ғылыми жобалар байқауы өтті.

Бұл жоба Тұңғыш Президенті кітапханасы мен «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының көп жылдық серіктестігі аясында іске асырылуда және биыл сегізінші рет өткізілуде.

Байқау дарынды жастардың ғылым мен техникаға деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға бағытталған.

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАСЫНДА МАИНД-ЛЕКЦИЯЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА

27 сәуір 2023

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында Халықаралық зияткерлік даму институтының (IMEI) директоры, профессор Джо Гю Юн Астана қаласының педагогикалық қоғамының өкілдерімен кездесті. Іс-шараға қалалық мәслихаттың депутаттары мен қоғам қайраткерлері де қатысты.

ЭКСПЕРТЫ ОБСУДИЛИ ВОПРОСЫ РАЗВИТИЯ ИНСТИТУТА ПРЕЗИДЕНТСТВА В КАЗАХСТАНЕ

24 сәуір 2023

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында белгілі сарапшылардың қатысуымен  «Жаңа саяси өзгерістер кезеңіндегі президенттік институт» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара 1990 жылы 24 сәуірде құрылған аталған институттың кезекті мерейтойына орайластырылды.

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ДӘРІСТЕР ТОПТАМАСЫ ЖАЛҒАСУДА

21 сәуір 2023

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасы Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінің студенттері үшін «Қазақстандағы Ислам: тарихы, проблемалары, болашағы» атты кезекті көшпелі дәрісін ұйымдастырды.

Дәрісті тыңдаушылар Қазақстанда Ислам дінінің пайда болуы мен таралу тарихымен танысты. 

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КІТАПХАНАСЫНДА КӨПЖАҚТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДИПЛОМАТИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

21 сәуір 2023

 Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық коммуникациялар департаментімен бірлесіп Әлем игілігі үшін көпжақтылық пен дипломатия халықаралық күніне арналған халықаралық дөңгелек үстел өткізді. 

Дөңгелек үстел жұмысын аша отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат 2018 жылдың 24 сәуірінде БҰҰ бекіткен мерекенің маңыздылығы халықаралық тұрақсыздық күшеюі жағдайында жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. 

ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТ ЖАҢҒЫРТУ ҮДЕРІСІНІҢ «ЛОКОМОТИВІ» РЕТІНДЕ

19 сәуір 2023

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Президенттік институт Жаңа Қазақстан жағдайында» атты көрменің ашылуы өтті.

Қазақстан Республикасындағы президенттік институт құрылған күнге орайластырылған көрмеде фотосуреттер мен құжаттар, музей қорының экспонаттары арқылы ел Президенті лауазымының қалыптасу тарихы, оның Жаңа Қазақстанды құрудағы рөлі және маңыздылығы бейнеленген.

КІТАПХАНАДА АРХИВПЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ ДӘРІС ӨТТІ

18 сәуір 2023
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Аудиовизуалды құжаттар: жинақтау, сақтау және пайдалану ерекшеліктері» тақырыбы бойынша Кітапхана базасында теориялық және практикалық сабақтар циклынан кезекті дәріс сабағы өтті. Іс-шараға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих факультетінің 2 курс студенттері қатысты. Студенттер аудиовизуалды құжаттарды жинақтау ерекшеліктерімен, сақтау және пайдалану теория мен практикасымен танысты.