Жаңалықтар мұрағаты 2022

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР! ӨТІП БАРА ЖАТҚАН ЖЫЛ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАҢА КЕЗЕҢ РЕТІНДЕ ТАРИХТА МӘҢГІЛІККЕ ҚАЛАДЫ

31 желтоқсан 2022

Ол халқымыздың бірлігі мен даналығымен жеңе білген қиындықтарға, барша қазақстандықтардың ынтымақтастығы нәтижесінде жеткен жетістіктерге толы болды. 2022 жылғы сынақтар бізді одан сайын біріктірді.

Жаңа жылда сіздерге денсаулық, қуаныш, табыс, махаббат пен күнделікті жақсы көңіл-күй тілеймін!

2023 жыл барша қазақстандықтар үшін одан да жақсы және мейірімді болады деп сенемін! Бүкіл әлемге тыныштық әкеліп, әр адамның арманын орындасын. Ескі жетістіктерді сақтап, жаңа үміттер сыйлап, әр шаңыраққа сәттілік, жақсылық, береке мен бақыт әкелсін!

Жаңа жылыңызбен!

 

«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ» ҚҰРУДЫҢ АЗИМУТТАРЫ

28 желтоқсан 2022

Ел Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан – бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында – әділ мемлекет – әділ экономика – әділ қоғам – атты үш қағидатқа негізделетін жаңа мемлекеттік саясатқа көшу жарияланды.

«Әділ мемлекет» қағидаты елде саяси жаңғыру процесін жалғастыруды көздейді. Ең алдымен, бұл жерде азаматтардың мемлекеттік институттарды қалыптастыруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту туралы сөз болып отыр. Бұл біздің қоғамымызда салауатты саяси бәсекелестіктің және жетілген сайлау мәдениетінің қалыптасуын ынталандырады.

ӘДІЛЕТТІЛІК ИДЕЯСЫ - БӘРІНІҢ БАСТАУЫ

28 желтоқсан 2022

Әділеттілік қағидаты қашанда мемлекеттік саясат жүйесінің қажетті және ажырамас құрамдас бөлігі. XVIII ғасырда неміс философы Иммануил Кант: «Әділетсіздіктен асқан біздің ашуымызға тиетін ештеңе жоқ. Біз бастан кешетін барлық басқа зұлымдықтар онымен салыстырғанда түк те емес. Әділеттілік жоғалатын болса – жердегі өмірдің мәні жоқ», - деген болатын. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында әділеттілік формуласына басымдық берілгені кездейсоқ емес, өйткені еліміздің табысты болуы халықтың мемлекетке және билікке деген сеніміне негізделеді.

ЕЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН САБАҚ

27 желтоқсан 2022

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасы Астана қаласындағы No88 мектеп-лицейінде 7-11 сынып оқушылары үшін «Ұлттың қайта өрлеу дәуірі» атты дәріс өткізді.

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

26 желтоқсан 2022

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасында Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес мүшелерінің қарауына ұйымның ғылыми жобаларын іске асыру аясында дайындалған басылымдар ұсынылды.

Мәселен,  «Қазақстан және мұсылман әлемі» ғылыми жинағы тәуелсіз Қазақстанның бейбіт және көп векторлы саясатының арқасында қол жеткізілген сыртқы саясаттағы жетістіктерді насихаттауға бағытталған. 

ХАЛЫҚТЫ ҚАНАТТАНДЫРҒАН СЕНІМ – БҰЛ ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМДЫ ҚҰРУ

26 желтоқсан 2022

Біз биыл ел тарихында аса күрделі де, саяси маңызы бар жаңа белестерге бетбұрыс жасадық. Бұл – әділетті қоғам құру жолында жаңа жеті жылдық мерзімге сайланған Президентпен бірге алға қарай қадам басқан толыққанды стратегиялық бағдарламалық құжаттың түп қазығы, халықты қанаттандырған сенім – бұл әділетті қоғамды құрудың негізгі құралы деп түсінеміз. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев  өз сөзінде: «Мен ұсынып отырған бағдарлама «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» деп аталады. Оның әр тармағын өзім жаздым.

ӘДІЛ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШ КИТІ. ӨТІНІШТЕРДЕН-ӘРЕКЕТТЕРГЕ!

22 желтоқсан 2022

Қазақстан Президенті Қ. К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында жақында республикалық штаб өз жұмысына кірісті.  Осыған байланысты Үкіметтің елдің басты саяси құжатын іске асыру жөніндегі жол картасын қабылдау күтілуде. 

Қазақстан Президентінің сайлауалды бағдарламасына сәйкес елімізде монополияларды жою және алынатын табыстарды әділ бөлуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Бұл ретте үш тірекке негізделген жаңа мемлекеттік саясатқа көшу ерекше назарда қалады: ӘДІЛ МЕМЛЕКЕТ-ӘДІЛ ЭКОНОМИКА-ӘДІЛ ҚОҒАМ.

ЕЛДІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН ДАМУЫ ҮШІН

21 желтоқсан 2022

Елдің өркендеуі мен дамуы үшін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен президенттік сайлауда ең көп дауыс жинады – 81,3 пайыз. Бұл ел азаматтары тарапынан қазіргі Мемлекет басшысына қолдау мен сенім дәрежесін айқын көрсетті.

Жаңадан сайланған көшбасшымен қазақстандықтар Жаңа Әділ Қазақстан құруы ескіргеннен бас тартуы және алға қойылған мақсаттарға қарай жылжуы тиіс.

Өзінің сайлауалды бағдарламасында жаңадан сайланған ҚР Президенті 

ДУЛАТ ИСАБЕКОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛУЫНА АРНАЛҒАН «ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕР» АТТЫ ӘДЕБИ САҒАТ

20 желтоқсан 2022

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында қазақтың көрнекті жазушысы Дулат Исабековтың 80 жылдығына арналған «Қарымды қаламгер» атты әдеби сағат өтеді. 

Әдеби кешке Астана қаласының Ф. Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясының 8-9 сынып оқушылары қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері. қатысалды.

Іс-шара аясында Дулат Исабековтың өмірі мен қызметі туралы презентациясы, жазушының шығармашылығына арналған кітап көрмесі өтті. Сонымен қатар, әдеби сағат аясында жазушының шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсыналды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К.ТОҚАЕВТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

20 желтоқсан 2022

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев өзінің сайлауалды сөзінде атап өткендей «Біздің басты мақсатымыз – Қазақстанда әділеттілік орнату. Ол үшін өткеннен сабақ алып, өткеннің қателігін түзетіп, қордаланған мәселелерді шешу керек». Ел өзара байланысты үш қағидатқа негізделетін жаңа мемлекеттік саясатқа көшеді: ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ – ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ.