Жаңалықтар

«ҰЛТТЫҚ ПОЭЗИЯ ПАДИШАСЫ» АТТЫ ӘДЕБИ САҒАТ

02 маусым 2023

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті белгілі Алаш қайраткері, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі артына өшпес мол мұра қалдырған қаламгері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Ұлттық поэзия падишасы» атты әдеби сағат өтті. 

Іс-шараға Астана қаласы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының педагогтары мен оқушылары қатысты. Олар Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың өмірі мен қызметі туралы, қазақ әдебиетіне қосқан үлестері, еңбегіндегі педагогикалық идеяларының құндылықтарымен танысты. 

БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ЕЛОРДАДАҒЫ ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯЛАР

02 маусым 2023

Биыл Қазақстанда мектеп оқушылары үшін оқу жылы алғаш рет әдеттегіден ұзаққа созылды. Мектеп күндері аяқталғаннан кейін балалар көптен күткен мереке – Халықаралық балаларды қорғау күнінің атмосферасына еніп кетті.

ЕЛОРДАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР ҮШІН КӨШПЕЛІ ДӘРІС

01 маусым 2023

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері үшін «Ұлттың өрлеуінің ұлы дәуірі» атты көшпелі дәріс өткізді.

Іс-шара барысында дәріскер ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның саяси жүйесінің дамуы және Алаш көшбасшыларының қызметі, олардың Отан тарихындағы рөлі мен маңызына ерекше назар аудара отырып, мемлекетті институттандырудың тұжырымдамалық мәселелерін баяндап берді.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АРНАЙЫ ЭКСКУРСИЯ-ДӘРІСТЕРІ ӨТКІЗІЛДІ

31 мамыр 2023

30-31 мамырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында Астана қаласындағы № 77 мектеп-лицейі және № 82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің оқушыларына «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбында экскурсия-дәрісі өтті.

Экскурсия-дәрісі Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңыңда «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» экспозициялық залында өткізілді.

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАСЫ «АЛЖИР» МҰРАЖАЙ-МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІНЕ АРХИВТІК ҚҰЖАТТАР ТАПСЫРДЫ

30 мамыр 2023

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің 18 құжат пен 60-тан астам кітаптарын «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешеніне салтанатты тапсыру рәсімі өтті.

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КІШКЕНТАЙ БҮЛДІРШІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН КӨШПЕЛІ САБАҒЫ

30 мамыр 2023

Кеше Астана қаласындағы № 87 «Қадыр» балабақшасының дайындық тобының тәрбиеленушілеріне «Музей және балалар (кішкентайларға арналған жолсілтеуші әліппе)» ғылыми-ағартушылық жобасын іске асыру аясында көшпелі музей сабағы өткізілді. 

Сабақ барысында жұмбақтарды шешу, түрлі ойын тапсырмаларын орындау арқылы болашақ мектеп оқушылары әліппені үйренуді бекітіп қана қоймай, жаңа сөздер мен ұғымдарды меңгереді. Сонымен қатар музей әлемін қабылдау арқылы мәдени-тарихи құндылықтармен танысады. 

АСТАНАДА «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕРІ ӨТТІ

26 мамыр 2023

24-25 мамырда Тұңғыш Президент кітапханасының қызметкерлері жазғы демалыс алдындағы соңғы «Жаңа Қазақстан: әділетті қоғам» семинар-тренингін өткізді. Оған елордадағы Менеджмент, бизнес және білім колледжі мен Басқару колледжінің студенттері қатысты.

10-18 мамыр аралығында семинар-тренингтерге Алматы және Шымкент мектептерінің жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі мен Сервис және туризм колледжінің студенттері қатысқан болатын.

ЕСТЕ ҚАЛАРЛЫҚ КҮНДЕР КҮНТІЗБЕСІНДЕ МАМЫР АЙЫ

25 мамыр 2023

Еліміздің тарихындағы есте қаларлық күндер күнтізбесінде мамыр айы – Отанымыздың қауіпсіздігі мен өркендеуі үшін батылдық пен жанқиярлықты бейнелейтін маңызды оқиғаларға толы ай. Қазақстанда мазмұны мен маңызы жағынан ұқсас екі мерекенің арасы небәрі екі күнге созылғаны кездейсоқ емес.

Қазақстанда 9 мамыр – Жеңіс күні кеңес кезеңінен аталып өтуде. 1941-1945 жылдар аралығында Қазақстаннан Қызыл Армия қатарына 1 миллион 200 мың адам шақырылды. Олардың жартысы сол Ұлы Отан үшін болған сұрапыл соғыста қаза тапты.

ТАРИХИ ӘДІЛЕТТІЛІКТІҢ ОРНАУЫ

24 мамыр 2023

Қазақстанда жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Бұл ресми атаулы күн 1997 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілді.

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КІТАПХАНАСЫНДА МУЗЕЙ САБАҚТАРЫ ӨТТІ.

23 мамыр 2023

23 мамырда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында елордалық № 27 мектеп-лицейі мен Тамим бен Хамад Әл-Тани атындағы № 85 мектеп-лицейінің жетінші сынып оқушыларына арналған «Батырлық институты: дәстүрлер, мәртебе және қару-жарақ» тақырыбында музей сабақтары өтті.

«Жәдігерлер сөйлейді» циклінің сабақтары кітапхана қорларынан қару-жарақ пен әскери техниканың бірегей коллекциясы қойылған «Даңқ галереясы» залында өткізілді.

Сабақтың бірінші бөлімі қару беру дәстүрінің тарихы мен ерекшеліктеріне арналды.