Мемлекеттік рәміздер – Елтаңба, Ту, Әнұран – қай халықтың болмасын егемендігін бейнелейтін, ұлттық рухты танытатын, азаматтық болмысын қалыптастырып, өз еліне деген мақтаныш сезімін оятатын қасиетті мәні зор ажырағысыз атрибуттарының бірі.
Алайда, бүгінгі қоғам санасында мемлекеттік рәміздер көбінесе мемлекеттік мекемелер, хаттамалық іс-шаралар, ресми бланкілер секілді ресми ұғымдармен байланыстырылғандықтан, оларға деген көзқарас үстіртті және алшақ.