А.Қ. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫНДА «АРХИВ ІСІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР: ДАМУ ҮРДІСТЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА КӨШПЕЛІ ДӘРІС ӨТТІ

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында «Архив ісіндегі цифрлық технологиялар: даму үрдістері мен келешегі» тақырыбында көшпелі дәріс өтті. Іс-шараға А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының І курс студенттері қатысты.

Дәріс барысында студенттер архив ісіндегі цифрлық технологияларды қолданудың нормативтік-әдістемелік реттеу жұмыстарымен танысты, архив құжаттарын пайдалану, ғылыми-анықтамалық аппаратты жетілдіру салаларында заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, архив қызметінің цифрлық инфрақұрылымын басқару мәселелерін қарастырылды.

Мысал ретінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент кітапханасының қызметіне цифрлық технологияларды енгізу тәжірибесі қарастырылды.