Аңдатпа

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІНЕ ОРАЙ

26 мамыр 2023

2023 жылғы 29 мамырда сағат 11.00-де Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің құжаттар мен кітаптарды «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешеніне салтанатты тапсыру рәсімі өтеді.

«ШАЙ ДӘСТҮРІНІҢ ӘЛЕМІ» АТТЫ ҚОР КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫ

15 мамыр 2023

2023 жылғы 16 мамыр сағат 15.00-де  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасында (Бөкейхан көшесі, 1а) Халықаралық музей және Халықаралық шай күндері қарсаңында «Шай дәстүрінің әлемі» атты қор көрмесі ашылады.

Көрмеде әлемнің түрлі халықтарының шай дәстүрлерінің мәдениетін бейнелейтін Кітапхана музейі жинағының 100-ден астам алуан түрлі әрі бірегей жәдігерлері ұсынылады. Мұнда шай ыдыстарының барлық негізгі түрлері: сервиздер, су ішуге арналған ыдыстар, самауырындар және тағы басқа бұйымдар ұсынылған.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КІТАПХАНАСЫНДА VІІ «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» БАСТАЛДЫ

11 мамыр 2023

Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы, қазақ классикалық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Абай оқулары» жыл сайынғы әдеби байқау жариялайды.

«Абай оқулары» жобасының мақсаты: Абайдың әдеби мұрасын насихаттау, Қазақстан жастарының оқу мәдениетін, әдеби талғамын қалыптастыру. 

Әдебиет байқауының шарттары:

1. Абайдың кез келген өлеңін мәнерлеп оқыған сәтін бейнеге түсіру (қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде);

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Кітапханасы Музейінің 2023 жылғы 7-9 мамыр күндеріндегі жұмыс тәртібі:

28 сәуір 2023
  • 1 – 4 мамыр – 10.00-ден 18.00-ге дейін (кіру 17.15-ке дейін)
  • 5 мамыр – 10.00-ден 15.00-ге дейін (кіру 14.15-ке дейін)
  • 6 – 7 мамыр  – 10.00-ден 18.00-ге дейін (кіру 17.15-ке дейін)
  • 8 мамыр – техникалық күн,
  • 9 мамыр – 10.00-ден 18.00-ге дейін (кіру 17.15-ке дейін).

«ТҮРКСОЙ – 30 ЖЫЛ: НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

27 сәуір 2023

2023 жылғы 3 мамырда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің кітапханасы мен Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы ТҮРКСОЙ құрылған күнінің 30 жылдығына арналған «ТҮРКСОЙ – 30 жыл: нәтижелері мен болашағы» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізеді.

Іс-шара түркі өркениетінің тарихи, мәдени және рухани мұрасының жаңғыру үдерістерін, ТҮРКСОЙ-дың түркі халықтарының бірлігіндегі рөлі мен үлесін, сондай-ақ түркі мәдениетін халықаралық деңгейде танымал ету және ілгерілету мәселелерін талқылау мақсатында өткізілуде.

«ЖАҢА САЯСИ ӨЗГЕРІСТЕР КЕЗЕҢІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ

21 сәуір 2023

21 сәуір күні, сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Жаңа саяси өзгерістер кезеңіндегі президенттік инстит» дөңгелек үстелі өтеді.

Іс-шараға ғалымдар, сарапшылар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми-зерттеу мекемелерінің өкілдері, оқытушылар, магистранттар, докторанттар және қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері қатысады. 

Басқосуда қазіргі кезеңдегі саяси жүйені демократияландыру мен жаңғыртудың негізгі элементі ретінде президенттік институттың рөлі талқыланбақ. 

КӨПЖАҚТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДИПЛОМАТИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮНІНЕ ОЙЛАСТЫРЫЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

21 сәуір 2023

Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментімен бірлесіп 2023 жылғы 20 сәуірде сағат 11:00-де Бейбітшілік үшін көпжақтылық және дипломатия халықаралық күніне арналған халықаралық дөңгелек үстел өткізуде.

«ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА» АТТЫ КӨРМЕ

21 сәуір 2023

2023 жылғы 19 сәуірінде сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында (Астана қ., Ә.Бөкейхан к-сі, 1а) «Президенттік институт Жаңа Қазақстан жағдайында» атты көрменің ашылуы өтеді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР СУРЕТТЕРІ БАЙҚАУЫ

14 сәуір 2023

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Кітапханасы және Башқұртстан Республикасының ЮНЕСКО істері комитеті Астана қаласының ЮНЕСКО балалар көркемсурет мектебі-клубының қолдауымен Қазақстан Республикасының елордасы күні мен Башқұртстан Республикасы күніне арналған «Қазақстан Республикасы Башқұртстан балаларының көзімен» және «Башқұртстан Республикасы Қазақстан балаларының көзімен» атты екі халықаралық балалар суреттері конкурсының өткізілетіні туралы хабарлайды.

«БЕСТЕМШЕ ОЙЫНЫН ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» АТТЫ АШЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР

13 сәуір 2023

14 сәуірде сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында «Бестемше ойынын үйретудің теориялық және әдістемелік ерекшеліктері» атты ашық республикалық оқу-тәжірибелік семинар өтеді.

Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру саласының мамандары, тәрбиешілер, қазақстандық және шетелдік сарапшылар қатысады.

Оқу-тәжірибелік семинар Астана қаласының білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылды және қазақтың ежелгі бестемше зияткерлік ойынын жаңғырту арқылы ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған.