Жаңалықтар

МҰРАЖАЙ БАЛАЛАРҒА КЕЛДІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасы Астана қаласының №21 «Гүлдер» бөбектер бақшасында даярлық тобының тәрбиеленушілеріне арнап «Музейлік әліппе» көшпелі музей сабағын ұйымдастырды.

 Кітапхананың «Музей және балалар (кішкентайларға арналған алфавит-нұсқаулық)» ғылыми-ағарту жобасы мектеп жасына дейінгі балаларға әліпби әріптерін зерделеу және музей экспонаттарымен танысу арқылы білімді бекіту бойынша танымдық сабақтарды қамтиды.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҮКПІР-ТҮКПІРІНЕН КЕЛГЕН СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҚУ ІС-ШАРАЛАРЫ

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында өткен «Жаңа Қазақстан: әділетті қоғам» семинар-тренингіне Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 25 студенті қатысты.

Екі күндік оқыту бағдарламасы Әділетті Қазақстанды құрудың тұжырымдамалық қағидаттарына арналған төрт дәрістен тұрды, сондай-ақ командалық жобаларды құру дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін екі практикалық тренингті қамтыды.

Бұған қоса, алматылық студенттерге Тұңғыш Президент кітапханасының мұражайы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне экскурсиялар ұйымдастырылды.

ЕЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында Астана қаласы мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық турнирдің кезекті іріктеу ойыны өтті. 

Елордадағы №29 орта мектебінің, №54 мектеп-лицейінің және Абай Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларының командалары Қазақстан тарихы бойынша бақ сынасты. Ойын барысында оқушылар командалық рух пен көшбасшылық қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік алды.

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР! СІЗДЕРДІ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!

Парсы тілінен «Жаңа күн» деп аударылатын Наурыз ежелден бері заман мен ұрпақтың үздіксіз байланысын, көктемгі күн мен түннің теңелуі мен жаңаруын бейнелейді, адамдарды біріктіреді, олардың жан дүниесіндегі бейбітшілікке, жақсылыққа, өзара көмекке деген құштарлықты оятады. 

Бұл күндері ағайын-туыс, дос-жаранмен дастархан жайып, ренішті ұмытып, ізгі тілектерін айту әдетке айналған.

Осы көктемнің жарқын мерекесі үйіңізге амандық, өзара түсіністік пен келісім әкелсін! Елімізде әрқашан бейбітшілік пен тыныштық болсын. Денсаулық, бақыт және игілік тілеймін!

Мейрамыңызбен!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КІТАПХАНАСЫ МУЗЕЙІНІҢ 2023 ЖЫЛҒЫ 17-23 НАУРЫЗ КҮНДЕРІНДЕГІ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

  • 17 наурыз – 10.00-ден 15.00-ге дейін (кіру 14.15-ке дейін),
  • 18-19 наурыз – 10.00-ден 18.00-ге дейін (кіру 17.15-ке дейін),
  • 20 наурыз – теникалық күн,
  • 21-23 наурыз 10.00-ден 18.00-ге дейін (кіру 17.15-ке дейін).

«ҚЫЗЫЛ КІТАП БАЛАЛАР КӨЗІМЕН» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында Астана қ. Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубымен бірлесіп ұйымдастырылған                                      «Қызыл кітап балалар көзімен» атты республикалық балалар мен жасөспірімдердің экологиялық сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі және көрмесі өтті. 

КІТАПХАНАДА НАУРЫЗҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында «Тәуелсіздік тарихына замандастар көзқарасы» айдарында «Наурызмейрамының қайта жаңғыруы» тақырыбында кезекті кездесу болып өтті. 

Іс-шараның құрметті қонағы тарих ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Археология және этнология кафедрасының доценті, этнограф Ибадуллаева Зылиха болды.

АСТАНА ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН МУЗЕЙ САБАҒЫ

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент кітапханасында Астана қаласының №32 мектеп-гимназиясының оқушыларына «Батырлық институты: дәстүрлер, мәртебе және қару-жарақ» тақырыбында музей сабағы өткізілді.

«Жәдігерлер сөйлейді» циклі аясында өткен іс-шара қару-жарақ пен әскери техниканың бірегей коллекциясы қойылған «Даңқ галереясы» залында ұйымдастырылды. 

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАСЫНДА ЕРІКТІЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент кітапханасында Халықаралық ментальды-ағартушылық орталығымен (IMEI) бірлесіп ұйымдастырған QYF еріктілер форумы өтті.

IMEI – Халықаралық зияткерлікті дамыту институтының (Корея Республикасы) Астанадағы филиалы, ол жеке тұлғаны дамыту және салауатты ойлауды қалыптастыру мақсатындағы білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.