Жаңалықтар мұрағаты 2007

Көрнекті саяси және мемлекет қайраткері Гейдар Алиевтің 85 жасқа толуына арналған конференция.

12 ақпан 2007

Халықаралық ынтымақтастық аясында 10 мамырда ҚР Тұңғыш президентінің Музейінде Әзірбайжанның жалпыұлттық лидері, көрнекті саяси және мемлекет қайраткері Гейдар Алиевтің 85 жасқа толуына байланысты конференция болып өтті.
   Конференцияны ұйымдастырушылар – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы, «Қазақстан - Әзірбайжан» достық және мәдениет ассоциациясы, Қазақстандағы Әзірбайжан елшілігі және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі.
Конференцияны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директоры А. Сағынғали ашты.

«Тұлғаның тарихтағы рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

10 ақпан 2007

2007 жылдың 22 қазанында «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің егемен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы саяси бастамалары» атты ғылыми бағдарлама аясында «Ақ орда» республикалық қозғалысымен» және «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясымен бірлесе отырып, «Тұлғаның тарихтағы рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.