Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты әдеби сағат өтті.
Әдеби кешке Астана қаласының Ф. Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері қатысты.
Іс-шара аясында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі туралы презентациясы ұсынылып, ұлы ғалымның шығармашылығына арналған арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.