ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАСЫНДА ПЕДАГОГИКАНЫҢ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕМЕН АЛМАСУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасында «Мұғалімнің кәсіпқой шеберлерінің қадамдары» атты семинар өтті.

Педагогикалық идеялар шеберханасы – Астана қаласы әкімдігінің әдістемелік орталығымен бірлесіп өткізетін жыл сайынғы іс-шарасы. Бұл іс-шара жұмыс істеудің жаңа әдістерін іздеуге талпынатын белсенді әрі шығармашыл мұғалімдерге бағытталған.

Кітапхана директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова: «Біздің ғылыми-білім беру бағдарлама аясында Тұңғыш Президент кітапханасы жалпы еліміздің, ішінара елорданың педагогикалық қауымдастығымен өте белсенді және табысты жұмыс істейді. Дәрістер, мұражай сабақтары, шеберлік сыныптары, кездесулер, конкурстар, ашық есік күндері, әдістемелік талқылаулар, педагогтар кеңестері және басқа да іс-шаралар өткізіледі», – деп атап көрсетті.

Семинар барысында тарих мұғалімдері өздерінің зияткерлік еңбектерінің нәтижелерін көрсетіп, кәсіби қауым арасында нәтижелі педагогикалық тәжірибелерімен алмасты.

Әдістемелік орталықтың әдіскері Дайра Әмірғалиева мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру үшін оқытудың белсенді әдістерінің тиімділігі туралы презентация жасады, А. Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының педагогы Қалжан Рахымжанов Қазақстан тарихын оқытудың заманауи әдістемелері туралы айтты, № 35 мектеп-лицейінің қызметкері Гүлниса Жаппарова «Құндылыққа негизделгенге тарихи таным» атты баяндама жасады, мектеп-лицейінің мұғалімі № 66 Гүлнұр Шайхиева «Оқитын мектеп» жобасы аясында тарих сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша өзінің бақылаулары туралы ойларымен бөлісті.

Қатысушылар кітапхананың музейлік-педагогикалық ұжымымен одан әрі ынтымақтастыққа бағытталғанын атап көрсетті.