«НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫН ЖАЛҒАСУДА

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент кітапханасында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік турнирдің іріктеу сатысының кезекті ойыны өтті. Оған № 26 мектеп-гимназиясы мен № 60 және № 92 мектеп-лицейлерінің командалары қатысты. Қатысушыларды сыныптастары мен мұғалімдері келіп қолдады.

Қазақстан тарихы туралы білімдері мен логикалық ойлау және шешендік өнер бойынша жарысқан жас зияткерлер бірлік, командалық рух және жеңіске деген ерік-жігердің не екендігін көрсетті.

Қызу жарыс барысында келесі кезеңге қатысушы ретінде «Жас ұлан»командасы № 60 КБ анықталды.

Сәуір ойынында Сырбай Мәуленов атындағы № 37 мектеп-лицейінің, № 71 мектеп-лицейінің және Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназиясының құрама командалары таныстырылды.

№ 68 мектеп-гимназиясының «Оян, қазақ, ойлан, қазақ!» командасы үздік нәтиже көрсетті.

Іріктеу ойындары жазғы каникулдан кейін жалғасады.