Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТ ЖАҢҒЫРТУ ҮДЕРІСІНІҢ «ЛОКОМОТИВІ» РЕТІНДЕ

19 сәуір 2023

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Президенттік институт Жаңа Қазақстан жағдайында» атты көрменің ашылуы өтті.

Қазақстан Республикасындағы президенттік институт құрылған күнге орайластырылған көрмеде фотосуреттер мен құжаттар, музей қорының экспонаттары арқылы ел Президенті лауазымының қалыптасу тарихы, оның Жаңа Қазақстанды құрудағы рөлі және маңыздылығы бейнеленген.

КІТАПХАНАДА АРХИВПЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ ДӘРІС ӨТТІ

18 сәуір 2023
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Аудиовизуалды құжаттар: жинақтау, сақтау және пайдалану ерекшеліктері» тақырыбы бойынша Кітапхана базасында теориялық және практикалық сабақтар циклынан кезекті дәріс сабағы өтті. Іс-шараға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих факультетінің 2 курс студенттері қатысты. Студенттер аудиовизуалды құжаттарды жинақтау ерекшеліктерімен, сақтау және пайдалану теория мен практикасымен танысты.

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕТІСТІГІ ТИІСТІ ҚОҒАМДЫҚ ДИСКУРССЫЗ МҮМКІН ЕМЕС

18 сәуір 2023

2022 жылғы 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» жолдауында ел дамуының басымдықтарын жариялады. Бұл Жолдау бұрынғылардан түбегейлі түрде ерекше болды, өйткені ол қайғылы қаңтардағы оқиғалардан кейін айтылды және саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістердің перспективаларын анықтады. Жолдау саяси реформалардың кезекті топтамасын айқындап, сол арқылы еліміздің тарихи дамуының мүлдем жаңа кезеңін ресімдеді. Біздің еліміздегі 2022 және 2023 жылдардағы барлық саяси жайттар Жолдаудың басындағы жолдарынан көрініс тапты.

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫ БЕСТЕМШЕНІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

14 сәуір 2023

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында «Бестемше ойынын үйретудің теориялық және әдістемелік ерекшеліктері» атты ашық республикалық оқу-тәжірибелік семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – қазақтың ежелгі бестемше зияткерлік ойынын жаңғырту арқылы ұлттық құндылықтарды дамытуы.

Семинарға мектепке дейінгі білім беру саласының мамандары, тәрбиешілер, қазақстандық және шетелдік сарапшылар қатысты.

В БИБЛИОТЕКЕ СОСТОЯЛАСЬ ГОСТЕВАЯ ВСТРЕЧА «ДОРОГА ВО ВСЕЛЕННУЮ»

12 сәуір 2023

В Библиотеке Первого Президента Республики Казахстан прошла гостевая встреча на тему: «Дорога во Вселенную» из цикла мероприятий «История независимости глазами современников».

Почетным гостем выступил Галымжан Данбаев, проработавший более 20 лет на руководящих должностях Управления, затем Департамента космодрома «Байконур», заместителем Председателя Аэрокосмического комитета  МЦРИАП РК. 

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ЕГЕМЕНДІКТІҢ МЫЗҒЫМАС НЕГІЗІ РЕТІНДЕ

12 сәуір 2023

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында Астана қаласының №№ 77, 79 мектеп-лицейлерінің оқушыларына «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбында дәріс өткізілді. 

Дәріскер Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің қабылдану тарихына тоқталып, олардың құрамдас бөлшектеріне жеке-жеке сипаттама берді. 

Тыңдаушыларға рәміздердің сипаттамаларымен қатар, қосымша мәліметтер келтіріліп, музей жәдігерлері көрсетілді.

ЕЛОРДАДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША САРАПШЫЛАР КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

11 сәуір 2023

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасында «Жаңа Қазақтан: Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын іске асырудың алғашқы қорытындылары» атты сарапшылық кездесу өтті.

Іс-шараға ҚР Парламент депутаттары, жетекші отандық сарапшылық және ғылыми мекемелерінің өкілдері қатысты.

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚАБЫРҒАСЫНДА КОРЕЙ ФОТОСУРЕТШІЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ

11 сәуір 2023

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында «Корей шаманизмі ГУТ. Рухтың тынысы» атты фотосуреттер көрмесінің ашылуы өтті.

Іс-шара Кітапхананың «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық көрме жобасы  мен Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасы арасындағы өзара мәдени алмасу жылы аясында Қазақстандағы Корей Республикасының Елшілігінің Корей мәдени орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды. 

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАСЫНДА «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

07 сәуір 2023

«Жаңа Қазақстан: әділетті қоғам» семинар-тренингі ашылуға, сөйлеуге, жаңа адамдармен танысуға жол ашып қана қоймай, ең бастысы ортақ күшпен ғана біз жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынымызды және әлемнің озық елдерінің көшбасшыларының қатарына кіре алатынымызды түсінуге көмектеседі. Біз Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауы және басқа да бағдарламалық құжаттары бойынша алға қойған негізгі міндеттер мен мақсаттармен таныстық. Сонымен қатар, тренингтер барысында жоба құру және командада жұмыс істеу тәжірибесін алдық.