ОТАНДЫҚ СПОРТТЫҚ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ САҒАТ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында Қазақ спорты журналистикасының негізін қалаушы, жазушы Сейдахмет Бердіқұловтың 90 жылдығына арналған «Журналистика әлемінің сұлтаны» атты әдеби сағат өтті. 

Әдеби сағатқа Астана қаласының №77 мектеп-гимназиясының педагогтары мен оқушылары қатысты.

Іс-шара аясында С. Бердіқұловтың өмірі мен қызметі туралы таныстырылыммен қатар, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, журналист-жазушы, публицист Жанат Елшібек өз естеліктерімен бөлісті.

Сонымен қатар, әдеби сағат аясында жазушының шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылды.

Жобаның мақсаты кітапхананың кітап қорын пайдалана отырып, Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен және әдебиетімен тығыз байланысты есте қаларлық және атаулы күндерді жариялау, қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан ақындар мен жазушылардың шығармашылығын дәріптеу, ұлттық әдебиеттің рөлін арттыру болып табылатынын естеріңізге сала кетейік.

 

Анықтама үшін

 Сейдахмет Бердіқұлов (1933–1994 жж). Қазақ спорты журналистикасының негізін қалаушы, ел спортын насихаттауға телегей-теңіз еңбек сіңірген, қазіргі Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығының алғашқы президенті.