2015

2015 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Лекторий кестесіне сәйкес келесі іс-шаралар өткізілді:

– «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері», «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі коллекциясындағы әлемдік діндердің  ғұрыптық заттары», «Астана – тәуелсіз Қазақстанның нышаны», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев: тарихи тұлғаның қалыптасу кезеңдері», «Қазақстан Республикасында құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру» дәрістері;

– «Қазақстан Республикасының әскери мұрасы» экскурсия-сабағы;

– «Мәдениет саласындағы өзекті мәселелер» шеберлік сыныбында Астана қаласы тарих пәнінің мұғалімдері «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының жетістіктері және келешегімен танысты. Мектепте «Сәулет ескерткіштері» тақырыбын оқытуда оқу процесіне интерактивті сандық білім беру ресурстарын (СБР) енгізу мәселелері туралы материал қатысушылардың қызығушылығын туғызды. Тыңдаушылар Қозы Көрпеш - Баян Сұлу, Айша Бибі, Алаша хан, Қожа Ахмет Яссауи кесенелері туралы материалдарға жасалған СБР жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін меңгерді. Қорытындылау интерактивті тақтада тестілеу формасында өтті.

Музей қорынан алынатын фото және -бейнеқұжаттар тыңдаушылардың қашанда қызығушылығын тудырып келеді.

 Қыркүйек айы бойынша Музейдің білім беру бағдарламасына 340 адам қатысты. Қатысушылардың негізгі санатын мектеп оқушылары, колледж студенттері, Астана қ. тарих және қоғамдық пәндер мұғалімдері құрады.