Астана – заманауи бірегей сәулеті бар әлемдегі ең әдемі қалалардың бірі. 25 жыл ішінде Астана Тәуелсіз Қазақстанның символына айналды.
Жиырма бес жыл – жүріп өткен жолды бағалап, алға ұмтылуға мүмкіндік беретін кезең. Астана күннен-күнге көркейіп, құлпырып келеді әрі бүкіл Еуразиядағы ең әдемі қалалардың бірі. Мұнда жыл сайын жаңа ғимараттар – тұрғын үйлер, кеңселер, спорт кешендері, мәдениет мекемелері, өндірістік нысандар бой көтеріп жатыр. Еліміздің бас қаласы жан-жақты дамып, бизнес, инвестиция, адамдар тартылатын орынға айналып келеді.