Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану» тақырыбы бойынша теориялық және практикалық сабақтар циклнан кезекті дәріс сабағы өтті. Іс-шараға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері қатысты.
Сабақ барысында студенттер архив құжаттарының пайдалану түсінігімен, мақсатымен және оның түрлерімен танысты, әлеуметтік-құқықтық және тақырыптық сұраулардың түрлерін, архивте құжаттарды іздеудің негізгі кезеңдерін талдады, сондай-ақ архивтік құжаттарға қол жеткізу және архивтік эвристика мәселелерін қозғады.
Жалпы, кітапхана базасындағы студенттердің теориялық және практикалық сабақтары оқушыларға алған білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.
Соңында студенттерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейі бойынша экскурсия ұйымдастырылды.