ЕЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ҮШІН ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕР САБАҒЫ

Астанадағы Ы.Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназиясының оқушылары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасына келіп, «қазақ музыкалық өнері» музей сабағына қатысты.

«Қазақстанның мақтанышы» залындағы экспозициялардың бірінде тақырыптық сабақта оқушылар қазақтың ұлттық аспаптарының жасалу тарихы туралы білді және экспонаттар арқылы олардың құрылғысының ерекшеліктерімен танысып, олардың әуезді үнін тыңдады.

Кітапхананыңдәріскері еліміздің аумағында тарихи қалыптасқан музыкалық жанрлар туралы да баяндап берді: «Ұлан-байтақ Қазақстан жерінде ежелден қалыптасқан домбыра музыкасының екі стилі – төкпе күй мен шертпе күй. Қазақстанның батыс облыстарының өзінің өлшемі мен ырғағы жағынан нақты болып, саусақтардың бірыңғай сілтеуімен орындалатын жігерлі, асқақ күйлері төкпе күй атауына ие болды. Басқа өңірлерде екі ішекте кезек орындалатын,көбінесе бірдауыстылығы басым болып келетін әуенімен ерекшеленетін шертпе стилі кең таралған».

Сабақтың екінші бөлімі қазақ халқының атақты музыканттарының шығармашылығына арналды, олардың қатарында– тұңғыш жырау, «күй атасы» және қыз қобыз музыкалық аспабын жасаушы Қорқыт Ата ерекше орын алады.

№ 83 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Руслан Тәкебаев: «Мен оқушыларыммен бірге мұражай сабағынан үлкен рахат алдық. Қобыз, домбыра және жетіген музыкалық аспаптары туралы қызықты деректер, олардың жасалуы туралы аңыздар айтылды. Балаларға өте қызықты болды және олар дәріскермен белсенді сұхбаттасып, өз пікірлерін білдірді. Өскелең ұрпақты тәрбиелеп, ағарту ісінде одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз», – деп ағынан жарылды.