«НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент кітапханасында «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық турнирінің 2023 жылдағы екінші іріктеу ойыны өтті.

Ойынға Астана қаласының №88 мектеп-лицейі, Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы және №59 мектеп-лицейінің 10-11 сынып оқушыларының құрама командалары қатысты.

Қазақстан тарихын білуге арналған интеллектуалды викторинаның мақсаты – оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін, шешендік шеберлігін, ойлау өткірлігін дамыту, сондай-ақ ел тарихын зерттеуге деген қызығушылығын арттыру.

Үш раунд және шығармашылық жұмыс барысында үлкен айырмашылықпен «Оян, қазақ!» (№88 МЛ) командасы жеңді, алынған балл саны бойынша «59-дың зиялылары» (№59 МЛ) және «Дарабоз» (№7 МГ) командалары тиісінше екінші және үшінші орынға ие болды.