29 қараша күні сағат 11.00-де Елбасы кітапханасында (Ә.Бөкейхан көшесі, 1А) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі...» халықаралық шығармашылық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.
Іс-шараға Қазақстанның көрнекті мемлекеттік саяси және қоғам қайраткерлері, мәдениет пен өнер саласының өкілдері, белгілі қазақстандық орындаушылар қатысады.