21 сәуір күні, сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Жаңа саяси өзгерістер кезеңіндегі президенттік инстит» дөңгелек үстелі өтеді.
Іс-шараға ғалымдар, сарапшылар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми-зерттеу мекемелерінің өкілдері, оқытушылар, магистранттар, докторанттар және қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері қатысады.
Басқосуда қазіргі кезеңдегі саяси жүйені демократияландыру мен жаңғыртудың негізгі элементі ретінде президенттік институттың рөлі талқыланбақ.