«ТАРИХИ ТАҢДАУ. ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ» КӨРМЕСІ

2021 жылғы 8 желтоқсанда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде (Бейбітшілік, 11 көшесі) «Тарихи таңдау. Тәуелсіздік дәуірі»  көрмесінің ашылуы өтеді. 
Көрменің ашылу бағдарламасында Елбасы кітапханасының қорларына 1991 жылғы 10 желтоқсанда өткен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғашқы ұлықтау рәсіміндегі бастапқы архивтік бейнематериалды тапсыру рәсімі өтеді.
Жыл сайын «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасы аясында еліміздің жаңа саяси тарихының түрлі қырлары ашылады. 2021 жылы басты тақырып Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы болды. 
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат, Қазақ ұлттық өнер университетінің жанындағы Қорқыт мұрасын зерттеуге арналған ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Мырзатай Жолдасбеков,  Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Таңатаров, «Бата» деректі фильмінің режиссері Оралбек Сарыбасов қатысады. 
Көрменің екі тақырыптық бөлімінде («Жаңа мемлекеттілікті құру» және «Тәуелсіз мемлекеттің стратегиялары») Елбасы кітапханасының архив және музей қорынан жаңа қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуын ашатын материалдар ұсынылған. 

БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс.
Оған қажетті мәліметті 07.12.21 күнгі сағ. 18.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрондық поштасына жіберген жөн.
Байланыс нөмірлері: + 7 (7172) 69-30-59.