2022 жылғы 24 ақпанда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көркемсурет галереясында (Ә. Бөкейхан көшесі, 1а) суретші Гүлмарал Тәтібаеваның «Ойтолғау» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Көрме «Тәуелсіздіктің мәдени коды» жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.
Гүлмарал Тәтібаева – Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның «Композиция» курсы бойынша сәндік өнер және дизайн факультетін бітірген. 2015 жылдан бастап KADMIIQYZYL арт-тобының құрамында жұмыс істейді. Жеке және топтық қалалық, республикалық және халықаралық көрмелердің қатысушысы.
Г.Тәтібаева ҚР суретшілер Одағының, Еуразиялық Дизайнерлер одағының және Еуразиялық шығармашылық гильдиясының мүшесі.
Гүлмарал Тәтібаеваның композициялық шешімдерінің батылдығымен ерекшеленетін көркем туындылары белгілі бір философиялық және эмоционалды мазмұнмен, тұтастай ұштастырылған.
Автордың көптеген еңбектері еліміздің музейлері мен Түркия, Голландия, Корея, Латвия, Голландия, Ресей, Иордания, Ұлыбритания, Қытай және басқа да елдердің жеке коллекцияларында сақтаулы.
БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс.
Оған қажетті мәліметті 24.02.22 күнгі сағат 10.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрондық поштасына жіберген жөн.
Байланыс нөмірлері: + 7 (7172) 69-30-56, 69-30-57.