НҰРЖАН ҚАРЫМСАҚОВТЫҢ «ҰЛЫ ДАЛА ПЕРЗЕНТІ» КӨРМЕСІ АШЫЛМАҚ

2021 жылдың 30 қарашасында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының көркемсурет галереясында (Ә.Бөкейхан көшесі, 1а) Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Нұржан Қарымсақовтың «Ұлы дала перзенті» жеке көрмесі ашылады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған көрменің негізгі мақсаты – жаңа қазақстандық мемлекеттілікті құрушы, Мәңгілік ел идеясының авторы ретінде Елбасы тұлғасы арқылы қазақ халқының тәуелсіздікке ұмтылысын көрсету.
Н.Қарымсақовтың жұмыстарының көптеген репродукциялары Қазақстанның тарихи және энциклопедиялық басылымдарында жарияланады. Суретшінің жұмыстары Қазақстанда да, шетелде де жеке коллекцияларда.
Көрмеде суретшінің ең жақсы 20-ға жуық картинасы ұсынылады, олардың ішінде келушілер бұрын танымал болған және осы көрмеге арнайы жазған суреттерін көре алады.
Көрмені 2021 жылдың 11 желтоқсанына дейін тамашалауға болады.
БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс.
Оған қажетті мәліметті  2021 жылғы 30 қараша күні сағат 10.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрондық поштасына жіберген жөн.
Анықтама: + 7 (7172) 69-30-56, 69-30-57.