Аңдатпа мұрағаты 2022

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің 2022 жылғы 29 желтоқсан - 2023 жылғы 4 қаңтар аралығындағы жұмыс тәртібі:

29 желтоқсан 2022

• 2022 жылғы 29 желтоқсан – 10.00-ден 13.00-ге дейін, экспозицияларға кіру 12.00-ге дейін.

• 2022 жылғы 30 желтоқсан – 10.00-ден 17.00-ге дейін, экспозицияларға кіру 16.00-ге дейін.

• 2022 жылғы 31 желтоқсан, 2023 жылғы 1, 2, 3 қаңтар – демалыс күндері;

• 2023 жылғы 4 қаңтардан бастап музей әдеттегі тәртіп бойынша жұмыс істейді.

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ! Тұңғыш Президент музейінің мереке және демалыс күндеріндегі жұмыс кестесі:

16 желтоқсан 2022

15.12.2022 сағ. 10.00- ден 17.00-ге дейін (кіру – 16.00 дейін)

 

16.12.2022 сағ. 10.00-ден 18.00-ге дейін

 

17.12.2022 сағ. 10.00-ден 18.00-ге дейін

 

18.12.2022 сағ. 10.00-ден 18.00-ге дейін

 

Кіру сағат 17.15-ке дейін жүзеге асырылады

 

Түскі үзіліссіз

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КІТАПХАНАСЫНДА «КӨҢІЛДІҢ АСЫЛ ПЕРНЕСІ …» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТЕДІ.

25 қараша 2022

28 қараша күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Көңілдің асыл пернесі …» / «Сокровенные струны души …» халықаралық шығармашылық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтеді.

Іс-шараға Қазақстанның көрнекті мемлекеттік саяси және қоғам қайраткерлері, шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен миссиялардың басшылары, мәдениет және өнер өкілдері, белгілі қазақстандық орындаушылар қатысады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ ЖЕҢІС КӘКЕНҰЛЫНЫҢ «ТАҢБАЛЫ» АТТЫ ЖЕКЕ КӨРМЕСІ

22 қараша 2022

23 қараша күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында (Ә.Бөкейхан көшесі, 1а, 2 қабат) Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының мүшесі Жеңіс Кәкенұлының «Таңбалы» атты жеке көрмесінің ашылу рәсімі өтеді. Көрме отандық авторлардың жетістіктерін насихаттауға бағытталған «Тәуелсіздіктің мәдени негізі» жобасының жұмысын жалғастыруда.

ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАСЫНДА «ЭКО СӘН» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН САЛТАНАТТЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ЖӘНЕ ДЕФИЛЕ ӨТЕДІ

16 қараша 2022

2022 жылғы 17 қарашада сағат 15.00-де ҚР Тұңғыш Президент кітапханасында (Астана қ., Ә.Бөкейхан к-сі, 1а) «Эко сән» қалалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі және дефиле өтеді.

Экосән - бұл қоршаған орта мен адам денсаулығына қамқорлық. Бұл жер шарын экологиялық апаттан құтқарудың алғашқы қадамы. Табиғи, экологиялық таза маталардан жасалған заттар адам денсаулығына зиян келтірмей, бізді қорғайды. Мысалы, соя талшығынан жасалған мата зиянды ультракүлгін сәулелерден қорғай алады ұстай алады.

АСТАНАДА «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ: ТАРИХИ МҰРА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТЕДІ

31 қазан 2022

2022 жылғы 2 қарашада сағат 11:00-де Назарбаев орталығында Қазақстан мен шет мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі: тарихи мұра және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми дөңгелек үстел отырысы өтеді.

BINOM SCHOOL-ДА «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ – ДӘСТҮРЛЕР МЕН ИННОВАЦИЯЛАР СИНТЕЗІ» КӨРМЕСІ АШЫЛАДЫ

26 қазан 2022

27 қазан сағат 14.00-де Қ. Сәтбаев атындағы Binom School-да (38-ші көше, 40а, Астана қ.) «Тұңғыш» көшпелі экскурсия жобасы және «Жаңа Қазақстан: сапалы білім – дәстүрлер мен инновациялар синтезі» көрмесі ашылады.

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАСЫНДА І ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТЕДІ

26 қыркүйек 2022

2022 жылғы 28 қыркүйек сағат 11.00-де Тұңғыш Президент кітапханасында           (Ә. Бөкейхан көшесі, 1а) Бірінші Дүниежүзі қазақтары құрылтайының 30 жылдығына арналған «Қазақ елі: өсіп-өркендеудің тұжырымдамалық негіздері және жаһанданған әлемге бейімделу» Халықаралық форумы өтеді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КІТАПХАНАСЫНДА «БІР КІТАПТЫҢ ТАРИХЫНАН» АТТЫ ӘДЕБИ САҒАТ ӨТЕДІ

22 қыркүйек 2022

2022 жылдың 23 қыркүйегінде сағат 11.00-де көрнекті қазақ жазушысы, драматург және ғалым Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына және оның «Абай жолы» роман-эпопеясының 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында «Бір кітаптың тарихынан» атты әдеби сағат өтеді.