Конференция ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы Әкімдігінің қолдауымен өткізілуде.
Танымал шетелдік және отандық мемлекет, саяси және қоғам қайраткерлері, беделді ғалымдар мен сарапшылар Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық қорытындыларын, болашақ дамуының әлеуеті мен болашағын талқылайды.
«Тәуелсіздіктің бағдары мен белестері» Пленарлық отырысында: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасы Төрағасының бірінші орынбасары Александр Жуков, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәми, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Ералы Тоғжанов, ЕҚЫҰ бұрынғы Бас хатшысы, БҰҰ Ливия жөніндегі Арнайы уәкілі Ян Кубиш, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары Дәурен Абаев, Түркияның бұрынғы Премьер-министрі Бинали Йылдырым, Иран Ислам Республикасының Халықаралық қатынастар жөніндегі Стратегиялық кеңесінің Президенті Камал Харрази, «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің» Ректоры - Басқарма төрағасы Гүлмира Қанай өз баяндамаларын ұсынады.
Бейнежолдау форматында пленарлық отырысқа: БҰҰ бұрынғы Бас хатшысы, Жаһандық жасыл өсу институтының президенті Пан Ги Мун, Түркия Республикасының бұрынғы Президенті Абдулла Гүл, АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Джеймс Бейкер, Германияның бұрынғы Федералды канцлері Герхард Шредер, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий қатысады.
Конференция аясында сондай-ақ «Тарих тағылымы», «Қоғам және құндылықтар», «Дамудың келешек ұстанымдары» тақырыптарында 3 панельдік сессия өтеді.
Өткізу күні: 10 желтоқсан 2021 жыл.
Өткізу уақыты: пленарлық отырыс (оффлайн) – сағ.10.00-11.30, панельдік сессиялар (онлайн) – сағ.14.00-17.00.
Өткізу орны: Нұр-Сұлтан қ., Назарбаев орталығы-2, Ә.Бөкейхан көш. 1а, көпфункционалды зал, 2-қабат.
БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс!
Аккредитация мен Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысын БАҚта жариялау мәселелері жөнінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының аға сарапшысы Әмірғазина Жібек Әмірғазықызына 69-30-59, 8 777 883 31 01 контактілері арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.