«ЕЛ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ МЕН «ЕГЕМЕНДІК ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ» ФОТОКӨРМЕСІ ӨТЕДІ

2021 жылғы 9 желтоқсанда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде (Бейбітшілік к-сі, 11), Елбасы кітапханасының «Қазақстан жолы» жобасы аясында «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ дайындаған «Ел және Елбасы» кітабының тұсаукесері мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған «Егемендік және Елбасы» фотокөрмесі ашылу салтанаты өтеді. 
Фотокөрмеге Шүкір Шахай, Игорь Бургандинов, Юрий Беккер, Орынбай Балмұрат және Ерлан Омаров сияқты белгілі фототілшілердің 50-ге жуық фотосуреті қойылады.
Шара аясында «Егемен Қазақстан кітапханасы» сериясымен жарық көрген «Ел және Елбасы» жинағының тұсауы кесілмек.
БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс.
Оған қажетті мәліметті 08.12.21 күнгі сағ. 18.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрондық поштасына жіберген жөн.
Байланыс нөмірлері: + 7 (7172) 69-30-59.