Аңдатпа мұрағаты 2021

«Низами Гянджеви» фотоальбомы мен фотокөрмесінің тұсаукесері

13 желтоқсан 2021

2021 жылғы 14 желтоқсан күні, сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында (Бейбітшілік, 11) «Низами Гянджеви» фотоальбомының тұсаукесері өтіп, осы атаумен фотокөрме ашылады. 
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен «ТҮРКСОЙ» Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы. 

2021 ЖЫЛҒЫ 10 ЖЕЛТОҚСАНДА ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҒИМАРАТЫНДА ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «КӨШБАСШЫЛЫҚ. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТЕДІ.

09 желтоқсан 2021

Конференция ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы Әкімдігінің қолдауымен өткізілуде.  

ЕЛОРДАНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚҰРЫЛЫСЫНА АТСАЛЫСҚАН АЗАМАТТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ

09 желтоқсан 2021

2021 жылғы 10 желтоқсанда сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде (Ә. Бөкейхан, 1А) елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының алғашқы құрылысына атсалысқан азаматтармен кездесу өтеді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен еліміздің бас қаласы жарияланған маңызды күнге орайластырылған. Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы етіп жариялау туралы» Жарлығымен 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап қазіргі Нұр-Сұлтан Қазақстан Республикасының астанасы атанды.

«ЕЛ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ МЕН «ЕГЕМЕНДІК ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ» ФОТОКӨРМЕСІ ӨТЕДІ

08 желтоқсан 2021

2021 жылғы 9 желтоқсанда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде (Бейбітшілік к-сі, 11), Елбасы кітапханасының «Қазақстан жолы» жобасы аясында «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ дайындаған «Ел және Елбасы» кітабының тұсаукесері мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған «Егемендік және Елбасы» фотокөрмесі ашылу салтанаты өтеді. 
Фотокөрмеге Шүкір Шахай, Игорь Бургандинов, Юрий Беккер, Орынбай Балмұрат және Ерлан Омаров сияқты белгілі фототілшілердің 50-ге жуық фотосуреті қойылады.

«ТАРИХИ ТАҢДАУ. ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ» КӨРМЕСІ

06 желтоқсан 2021

2021 жылғы 8 желтоқсанда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде (Бейбітшілік, 11 көшесі) «Тарихи таңдау. Тәуелсіздік дәуірі»  көрмесінің ашылуы өтеді. 
Көрменің ашылу бағдарламасында Елбасы кітапханасының қорларына 1991 жылғы 10 желтоқсанда өткен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғашқы ұлықтау рәсіміндегі бастапқы архивтік бейнематериалды тапсыру рәсімі өтеді.

ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАР МЕН ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛАДЫ

30 қараша 2021

2021 жылғы 3 желтоқсанда, сағат 15.00-де Елбасы кітапханасында (Ә. Бөкейхан көшесі, 1а) магистранттар мен докторанттар арасында өткен «Қазақстан жаһандық әлемде: ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары» ғылыми мақалалардың және оқушылар арасында жарияланған «Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы» ғылыми-зерттеу жобаларының республикалық конкурсы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

НҰРЖАН ҚАРЫМСАҚОВТЫҢ «ҰЛЫ ДАЛА ПЕРЗЕНТІ» КӨРМЕСІ АШЫЛМАҚ

30 қараша 2021

2021 жылдың 30 қарашасында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының көркемсурет галереясында (Ә.Бөкейхан көшесі, 1а) Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Нұржан Қарымсақовтың «Ұлы дала перзенті» жеке көрмесі ашылады.

«КӨҢІЛДІҢ АСЫЛ ПЕРНЕСІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ

25 қараша 2021

29 қараша күні сағат 11.00-де Елбасы кітапханасында (Ә.Бөкейхан көшесі,  1А) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі...»  халықаралық шығармашылық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Іс-шараға Қазақстанның көрнекті мемлекеттік саяси және қоғам қайраткерлері, мәдениет пен өнер саласының өкілдері, белгілі қазақстандық орындаушылар қатысады.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МЕН ТҮРКПА АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

22 қараша 2021

2021 жылғы 23 қараша сағат 17.00-де ТүркПА Хатшылығының бас хатшысы Мехмет Сюрейя Эр бастаған делегациясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына  (Ә.Бөкейхан көшесі, 1А) ресми сапармен келеді. 

Сапар барысында Елбасы кітапханасы мен түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы (TURKPA) ынтымақтастық меморандумына қол қояды.

«АЛМАТЫ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АЛТЫН БЕСІГІ» КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТЕДІ

22 қараша 2021

2021 жылғы 23 қарашада, сағ. 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында музейінде (Бейбітшілік, 11) Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылған «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Іс-шара Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бастаған «Қазақстан жолы» жобасының аясында өткізілмек.