2021 жылғы 14 желтоқсан күні, сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында (Бейбітшілік, 11) «Низами Гянджеви» фотоальбомының тұсаукесері өтіп, осы атаумен фотокөрме ашылады.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен «ТҮРКСОЙ» Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы.
ТҮРКСОЙ ұйымы шығарған «Низами Гянджеви» арт-альбомы көрнекті әзербайжан ақыны әрі ойшылы, парсы поэзиясының классигі, ортағасырлық Шығыстың дауылпаз ақындарының бірі Низами Гянджевидің 880 жылдығына арналған.
Іс-шара аясында «Низами Гянджеви» фотокөрмесінің ашылуы өтеді, онда 20-дан астам фотосурет ұсынылмақ.
БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс.
Оған қажетті мәліметті 13.12.21 күнгі сағат 18.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрондық поштасына жіберген жөн.
Байланыс нөмірлері: + 7 (7172) 69-30-57, 69-30-59.