«КӨҢІЛДІҢ АСЫЛ ПЕРНЕСІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ

29 қараша күні сағат 11.00-де Елбасы кітапханасында (Ә.Бөкейхан көшесі,  1А) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі...»  халықаралық шығармашылық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Іс-шараға Қазақстанның көрнекті мемлекеттік саяси және қоғам қайраткерлері, мәдениет пен өнер саласының өкілдері, белгілі қазақстандық орындаушылар қатысады.

Байқауды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Халықаралық Түркі академиясы және М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен бірлесе отырып ұйымдастырды.

2021 жылы Конкурсқа 167 өтінім келіп түсті, оның ішінде Индонезия, Ресей және Өзбекстан елдерінен қатысушылар да бар.

БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс.

Оған қажетті мәліметті 2021 жылғы 26 қараша күнгі сағат 16.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрондық поштасына жіберген жөн.