ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ ҚАЛАСЫ ТУРАЛЫ КӨШПЕЛІ ДӘРІС

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасының ғылыми-білім беру бағдарламасы аясында елордалық № 15 мектеп-лицейдің оқушыларына «Астана – тәуелсіз Қазақстанның символы» көшпелі дәрісі өткізілді. 

Тыңдаушыларға қаланың пайда болуы мен даму тарихын: ежелгі қоныстар мен ортағасырлық қалашықтардан бастап егемен елдің қазіргі астанасы – Қазақстанның әкімшілік, ғылыми және мәдени орталығына дейін айтып берілді. 

Астананың халықаралық имиджін қалыптастыру мен дамыту тақырыбына баса назар аударылды. 

«Тәуелсіз мемлекеттің сыртқы саяси қызметін дамыту – Астананың дипломатиялық астана мәртебесін айқындады. Ол әлемдік қоғамдастықта әлемдік көлемде саяси оқиғалармен байланысты және толеранттылықты, бейбітшілік пен интеграцияны насихаттау және оған шақыру бойынша диалог алаңына айналады», – деп атап өтті дәріскер.

Сабақ барысында Тұңғыш Президент кітапханасының қорындағы архив, кітапхана және музей материалдары қолданылды.