2023 жылғы 29 мамырда сағат 11.00-де Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің құжаттар мен кітаптарды «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешеніне салтанатты тапсыру рәсімі өтеді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшелері, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің, Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің, Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінің қызметкерлері қатысады.
Өтетін орны: «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалдық кешені, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Линейная көшесі, 2Б.
БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс!
Оған қажетті мәліметті кестеге сәйкес 29.05.23 күнгі сағат 10.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрон поштасына жіберген жөн.
Байланыс нөмірі: 8 (7172) 69-30-56 (Исина Айгерім).