«ШАЙ ДӘСТҮРІНІҢ ӘЛЕМІ» АТТЫ ҚОР КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫ

2023 жылғы 16 мамыр сағат 15.00-де  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасында (Бөкейхан көшесі, 1а) Халықаралық музей және Халықаралық шай күндері қарсаңында «Шай дәстүрінің әлемі» атты қор көрмесі ашылады.

Көрмеде әлемнің түрлі халықтарының шай дәстүрлерінің мәдениетін бейнелейтін Кітапхана музейі жинағының 100-ден астам алуан түрлі әрі бірегей жәдігерлері ұсынылады. Мұнда шай ыдыстарының барлық негізгі түрлері: сервиздер, су ішуге арналған ыдыстар, самауырындар және тағы басқа бұйымдар ұсынылған.

«Шай дәстүрінің әлемі» көрмесінде Қытай мен Жапонияның шай рәсімінің нәзік сәнділігімен, Орта Азия елдеріне тән қонақжайлық, ағылшындықтардың «five o’clock» дәстүрі және Еуропа елдерінің банкет шайының ерекшеліктерімен танысуға болады.

 

БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс!

Оған қажетті мәліметті кестеге сәйкес 16.05.23 күнгі сағат 11.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрон поштасына жіберген жөн.

Байланыс нөмірі: 8 (7172) 69-30-56 (Исина Айгерім).