Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы, қазақ классикалық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Абай оқулары» жыл сайынғы әдеби байқау жариялайды.
«Абай оқулары» жобасының мақсаты: Абайдың әдеби мұрасын насихаттау, Қазақстан жастарының оқу мәдениетін, әдеби талғамын қалыптастыру.
Әдебиет байқауының шарттары:
1. Абайдың кез келген өлеңін мәнерлеп оқыған сәтін бейнеге түсіру (қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде);
2. Түсірілген бейне Instagram әлеуметтік желісіне #ТПКбіздіңАбай2023 хэштегімен жүктелуі тиіс.
3. Байқау 2023 жылғы 1 маусым - 30 тамыз аралығында өтеді.
Әдеби байқаудың қорытындысы бойынша мәнерлеп оқудан үздік оқушылар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталады.
Байқауға қатысып, ақпаратпен әлеуметтік желілерде бөлісіңіздер!