«БЕСТЕМШЕ ОЙЫНЫН ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» АТТЫ АШЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР

14 сәуірде сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында «Бестемше ойынын үйретудің теориялық және әдістемелік ерекшеліктері» атты ашық республикалық оқу-тәжірибелік семинар өтеді.

Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру саласының мамандары, тәрбиешілер, қазақстандық және шетелдік сарапшылар қатысады.

Оқу-тәжірибелік семинар Астана қаласының білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылды және қазақтың ежелгі бестемше зияткерлік ойынын жаңғырту арқылы ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған.

Бестемше ойыны қазақтың әйгілі тоғыз құмалақ ұлттық ойынынан бастау алған. Ойын зейінді, логиканы және стратегиялық ойлауды, математикалық есептеулер жасай білуді дамытуға ықпал етеді.

Семинар барысында қатысушылар өздерінің әдіснамалық әзірлемелерімен таныстырып, тәжірибе алмасады, өскелең ұрпақ арасында ойынды насихаттау шараларын талқылайды, шеберлік сыныптарын өткізеді.