2023 жылғы 3 мамырда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің кітапханасы мен Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы ТҮРКСОЙ құрылған күнінің 30 жылдығына арналған «ТҮРКСОЙ – 30 жыл: нәтижелері мен болашағы» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізеді.
Іс-шара түркі өркениетінің тарихи, мәдени және рухани мұрасының жаңғыру үдерістерін, ТҮРКСОЙ-дың түркі халықтарының бірлігіндегі рөлі мен үлесін, сондай-ақ түркі мәдениетін халықаралық деңгейде танымал ету және ілгерілету мәселелерін талқылау мақсатында өткізілуде.
Дөңгелек үстелге Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдар мен түркітілдес мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшылары қатысады.
Сондай-ақ, іс-шара аясында түркітанушы ғалымдардың еңбектерін ұсынатын кітап көрмесі және Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының 30 жылдық жолының негізгі кезеңдерін көрсететін фотосурет көрмесі ұйымдастырылады.