Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментімен бірлесіп 2023 жылғы 20 сәуірде сағат 11:00-де Бейбітшілік үшін көпжақтылық және дипломатия халықаралық күніне арналған халықаралық дөңгелек үстел өткізуде.
Дөңгелек үстел бейбітшілікті нығайтуға және саяси, идеологиялық, экономикалық және діни қарама-қайшылықтарды шешудің бейбіт жолдарына, қақтығыстарды шешудің дипломатиялық әдістерінің артықшылықтарын ілгерілетуге, сондай-ақ күрделі жаһандық үдерістерге ұжымдық консенсус тәсілдерін әзірлеудің икемді тетіктеріне бағытталған бастамаларды алға жылжытады.
Дөңгелек үстелге мемлекеттік қызметкерлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері, қазақстандық ғалымдар, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері мен тыңдаушылары қатысады.
Өтетін орны: Астана қ., Бөкейхана, 1, Назарбаев орталығы-1, 2-ші қабат, жылжымалы кітапхана залы.