Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Кітапханасы және Башқұртстан Республикасының ЮНЕСКО істері комитеті Астана қаласының ЮНЕСКО балалар көркемсурет мектебі-клубының қолдауымен Қазақстан Республикасының елордасы күні мен Башқұртстан Республикасы күніне арналған «Қазақстан Республикасы Башқұртстан балаларының көзімен» және «Башқұртстан Республикасы Қазақстан балаларының көзімен» атты екі халықаралық балалар суреттері конкурсының өткізілетіні туралы хабарлайды.
2023 жыл – Қазақстан Республикасы мен Башқұртстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанындығының 30 жылдығы. Қазіргі кезеңде екі елді тығыз экономикалық, саяси және мәдени байланыстарды байланыстырады.
Конкурстардың мақсаты Қазақстан Республикасы мен Башқұртстан Республикасы арасындағы достық пен мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға ықпал ету болып табылады.
Жұмыстар 2023 жылғы 15 сәуірден 15 маусымға дейін қабылданады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 2023 жылдың 25 маусымына дейін анықталады. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының елордасы күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында өтеді.
Жүлделі орындардың иегерлері дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.
Қазақстан Республикасындағы үйлестірушілер: Күзембаева Әсия Сайдоллақызы, Жансая Шыңғысханқызы.
Тел., WhatsApp: 8 /7172/ 70 05 82; 69 30 53; +7 705 296 53 96; +7 707 593 07 07.
Башқұртстан Республикасындағы үйлестіруші: Субоч Дарья Андреевна.
Тел., WhatsApp: +7-917-80-555-31.
Конкурстарды өткізу шарттары туралы толығырақ Ережелерде: