ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МЕН ТҮРКПА АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

2021 жылғы 23 қараша сағат 17.00-де ТүркПА Хатшылығының бас хатшысы Мехмет Сюрейя Эр бастаған делегациясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына  (Ә.Бөкейхан көшесі, 1А) ресми сапармен келеді. 

Сапар барысында Елбасы кітапханасы мен түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы (TURKPA) ынтымақтастық меморандумына қол қояды.

Меморандумның мақсаты – ТүркПА-ға мүше мемлекеттер арасындағы өзара әрекеттестікті нығайтып, түркі халықтарының мәдени және тарихи мұрасын, тілдерін, дәстүрлерін, рухани құндылықтарын сақтау әрі дамыту мақсатында бірлескен мәдени, білім беру және зерттеу жобаларын іске асыру арқылы түркі халықтары арасындағы ынтымақтастықты арттыру.

Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат пен ТүркПА Бас хатшысы Мехмет Сюрейя Эр меморандумға қол қояды.

 

БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс.

Оған қажетті мәліметті  2021 жылғы 23 қараша күнгі сағат 12.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрондық поштасына жіберген жөн.

Қосымша ақпаратты баспсасөз қызметінің аға сарапшысы Айгерім Исинадан алуға болады. Телефон нөмірі: 8 (7172) 69-30-56