«АЛМАТЫ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АЛТЫН БЕСІГІ» КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТЕДІ

2021 жылғы 23 қарашада, сағ. 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында музейінде (Бейбітшілік, 11) Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылған «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Іс-шара Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бастаған «Қазақстан жолы» жобасының аясында өткізілмек.

«Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» көрмесі  негізгі мақсаты – Алматы қаласы архивтері мен музейлерінің, Елбасы кітапханасының қорларынан жинақталған құжат, сурет, жәдігерлер арқылы егемен ел тағдырындағы Алматы қаласының орны мен рөлін көрсету.

БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс.

Оған қажетті мәліметті 22.11.21 күнгі сағ. 18.30-ға дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрондық поштасына жіберген жөн.