КІТАПХАНАДА «ЖАС МҰРАҒАТ ЗЕРТТЕУШІСІ КУРСЫ» ЦИКЛІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Құжаттаманы басқару тәртібі мен архив құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша Кітапхана базасында теориялық және практикалық сабақтар циклнан кезекті семинар сабағы өтті. 

Іс-шараға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих факультетінің 1 курс студенттері қатысты.

Студенттер құжаттаманы басқару тәртібі мен архив құжаттарының сақталуын қамтамасыз ететін шарттармен танысты.