Біз биыл ел тарихында аса күрделі де, саяси маңызы бар жаңа белестерге бетбұрыс жасадық. Бұл – әділетті қоғам құру жолында жаңа жеті жылдық мерзімге сайланған Президентпен бірге алға қарай қадам басқан толыққанды стратегиялық бағдарламалық құжаттың түп қазығы, халықты қанаттандырған сенім – бұл әділетті қоғамды құрудың негізгі құралы деп түсінеміз. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев өз сөзінде: «Мен ұсынып отырған бағдарлама «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» деп аталады. Оның әр тармағын өзім жаздым. Бұл бағдарлама менің жүрегімнен шықты деп айтсам, артық болмайды. Біздің бір ғана мақсатымыз бар. Бұл – Әділетті Қазақстанды құру», - деген болатын.
Сол себептен Президенттің сайлауалды бағдарламасы сөз жоқ үш қағидатқа негізделгені табиғи заңдылық. Олар: әділетті мемлекет – әділетті экономика – әділетті қоғам. Өйткені Президент өзінің басты міндеті ретінде Әділетті Қазақстанды құрудың сан-салалы тиімді жақтарын айтты. Демек, әлеуметтік, саяси-экономикалық салалардағы өзекті мәселелермен тікелей жұмыс атқарудың нақты аспектісін белгілеп берді.
Сондықтан да болар, Президентіміздің мемлекет үшін қабылдаған әрбір шешімінде, ұлттық идеологиямыз арқылы түбінде әділдік идеясының салтанат құратын өзекжарды ойларын түйдік. Бұл сөзі халықтың көкейінде жүрген сауалдардың бірі – әрбір адам мемлекеттің басты байлығы дегенді ұғындырады.
Иә, ат жалын тартып мінген Тәуелсіздігіміздің 30 жылы да өте шықты. Тәуелсіздігіміздің елең-алаңында Қазақстан тар жол, тайғақ кешуді де басынан өткізді. Осы 30 жыл ішінде Қазақстан төрткүл дүниеге танылды, бәсекеге қабілетті ел ретінде әлемдегі беделді әрі тұрақты мемлекетке айналды. Ал бұл азаттық бізге халықтың бірлігінің арқасында, бір жағадан бас, бір қолдан жең шығарғанымызды ұмытпаған абзал. Осы бір тарихи кезеңдерді әрбір қазақстандық жадында ұстап, әрдайым егемендіктің тұсында елдіктің жүгін көтерген тұлғаларымызға құрмет көрсетіп, ел ішіндегі арандатушыларға бой алдырмай «Болар елдің баласы, бірін-бірі батыр дейді», - деген халық даналығын әрдайым есте ұстап жүрсек, сонда ған ел іргесі сөгілмей, қарыштап алға алға басып, керегеміз кеңіп, босағамыз берік болары ақиқат.
Өйткені Қазақстан бір күнде, бір таңда орнаған жоқ. Бұл кезеңдер еліміз үшін жасампаздықпен алға ұмтылу, халқымыздың тоғысқан бірлігі мен келісім жағдайында көрініс тапты.
Осы ретте Мемлекет Басшсы Қ.К. Тоқаевтың өзінің а.ж. 26 қазанда сайлауалды бағдарламысын жариялау кезіндегі кіріспе сөзінде де: «Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, Қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр. Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз. Өздеріңізге белгілі, осының бәрі менің сайлау алдындағы бағдарламама негіз болды», - деп атап көрсеткені қызыл сөз емес. Мұны Қазақстанның Тұңғыш Президентінің еңбегіне берілген әділ баға деп ұқтық. Өйткені баршамыз білетін Конституцияға енгізілген түзетулерде көзделген мәселелердің барлығы дерлік қоғамның өзгеруіне, жаңа үдерістермен алға қарай ұмтылыс жасауымызға септігін тигізеді.
Қазіргі таңда Мемлекет Басшысының сайлауалды бағдарламысының жүзеге асыру жағдайында мемлекеттік деңгейде көптеген іс-шаралар атқарылуда.
Еліміз Әділетті Қазақстан құру жолында әрине ең алдымен мемлекеттің жан-жақты дамуымен, экономиканың нығайып, әлеуметтік тұрмыстың жақсаруымен және инфрақұрылымды дамытумен қатар, білімді, салауатты елдің әдебиеті, тарихы, мәдениетін де ілгерілету үшін, әр қазақстандықтың үлес қосуымен мүмкін болмақ. Президенттің назарынан тыс қалмады. Бағдарламада аталған барлық бастаманы орындау үшін, әсіресе өзекті мәселелердің бірегейі - қоғамның өткір талабына сай келетін ұтымды, нақты нәтиже беретін, елге пайдасы тиетін істерді жүзеге асыруға жұмыла кірісуіміз қажет. Ол әрине баршамызға ортақ дүние.
Өзім мәдени мекемелердің бірі кітапхана, архив оның ішінде музей саласы бойынша қызмет жасап жүрген азамат болғандықтан, осы саладағы белестерді бағындыру мақсатында Президентіміздің алға қойған мақсат-міндеттердің іске асырылуына үлес қосып жүрген, менің басшылығымның сарабдал ойлары, парасатты пікірлері, әріптестерімнің адал еңбегімен үлес қосып жүргенін мақтан тұтамын. Мемлекет Басшысының алға қойған ауқымды мақсаттарының бірі - қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау, өмірдің бар саласын жаңа цифрлы технологияны жүйелендіруді жолға қою, бәсекеге қабілетті ұлтымыздың білім деңгейін көтеру, жеке тұлғалар мен бүкіл қоғамды заманауи талаптарға сай жетілдіру секілді игілікті істерді орындау, сөз жоқ біздің ұжым үшін де әрдайым биікте тұрады.
Сондықтан да бізбен бірге отанымыздың түкпір-түкпіріндегі барлық мәдени мекемелердің қызметкерлері де атсалысуы қажет деп есептеймін. Әлемде Қазақстан деген Ел біреу-ақ болса, онда біз бірлесіп еліміздің өркендеуіне, көркеюіне аянбай еңбек ету. Халқымызды қанаттандырған сенім – әділетті қоғамды құруға талпыну, бойдағы қажыр-қайратымызды жұмсау, сапалы білімімізбен ықпал ету, біздің ел алдындағы перзенттік парызымыз, отан алдындағы азаматтық борышымыз.
Экспозицияларды және көрмелерді
ұйымдастыру қызметінің басшысы
Шырымбаева Н.А.