ДУЛАТ ИСАБЕКОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛУЫНА АРНАЛҒАН «ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕР» АТТЫ ӘДЕБИ САҒАТ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында қазақтың көрнекті жазушысы Дулат Исабековтың 80 жылдығына арналған «Қарымды қаламгер» атты әдеби сағат өтеді. 

Әдеби кешке Астана қаласының Ф. Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясының 8-9 сынып оқушылары қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері. қатысалды.

Іс-шара аясында Дулат Исабековтың өмірі мен қызметі туралы презентациясы, жазушының шығармашылығына арналған кітап көрмесі өтті. Сонымен қатар, әдеби сағат аясында жазушының шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсыналды.

Жобаның мақсаты кітапхананың кітап қорын пайдалана отырып, Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен және әдебиетімен тығыз байланысты есте қаларлық және атаулы күндерді жариялау, қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан ақындар мен жазушылардың шығармашылығын дәріптеу, ұлттық әдебиеттің рөлін арттыру болып табылатынын естеріңізге сала кетейік.

 

Анықтама үшін. 

Дулат Исабеков (1942 ж) – жазушы., драматург, Қазақстанның Еңбек ері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және Тәуелсіз Қазақ ПЕН-клубы мен «Платиналы Тарлан» сыйлықтарының, «Достық», «Құрмет» орденiнің иегері. Қазақстанның Құрметті жазушысы.