Ғылыми жинақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың көшбасшылық феномені және саяси мұрасы» атты ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында әзірленді. Ата Заңымыздың 25 жылдығына арналған ғылыми жинақта Қазақстан Республикасындағы конституциялық құрылыс идеяларының пайда болуы, дамуы және іске асырылу үдерісі Елбасы кітапханасы қорының тарихи фотосуреттері мен дәстүрлі құжаттары, музейлік жәдігерлері арқылы баяндалады.
Басылым оқушылар мен студенттерге, ұстаздарға, музей қызметкерлеріне, зерттеушілерге, жалпы оқырман қауымға арналған.