«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 25 ЖЫЛ» АТТЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МУЗЕЙЛІК ЖИНАҒЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ҚОР ЖИНАҒЫ

Басылым Елбасы кітапханасының музей жинағын көпшілікке жария ету мақсатында дайындалды. Бұл жинақта Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасуы мен
дамуын көрсететін музей топтамаларының әртүрлі бөліміндегі жәдігерлер туралы ақпарат берілген. Әрбір мақала жәдігерлердің фотоиллюстрацияларымен толықтырылған.
Елбасы кітапханасының музей жинағындағы топтамалардың әрбір жәдігері тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихының шынайы куәгері болып табылады. Жинаққа жоғары мемлекеттік және қоғамдық наградалар, бағалы металдар және бағалы тастар, нумизматика, кәдесыйлар, жұмсақ инвентарь, бейнелеу өнері, сонымен қатар материалдық мәдениет топтамаларының жәдігерлері ұсынылған.
Басылым қалың оқырман қауымға арналған.