Басылымның үшінші кітабына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің естеліктері енгізілді. Елбасы замандастары өздерінің естеліктерінде Тұңғыш Президенттің сан-салалы жасампаздық қызметі мен ерекше тұлғалық қасиеттері, ұйымдастырушылық дарыны туралы ой өрбітеді. Сонымен қатар, басылымда Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жасампаз көшбасшы ретіндегі тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі қол жеткізген табыстарындағы тарихи рөлі туралы айтылады. Кітап ұстаздар, оқушылар мен студенттер, музей, кітапхана қызметкерлері, зерттеуші ғалымдар мен қалың оқырман қауымға арналады.