Кітапхана басылымдары 2018

«ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ: МӘҢГІЛІК ЕЛ» ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

13 желтоқсан 2018

«Қазақстан жолы: Мәңгілік Ел» оқу-әдістемелік кешені «Қазақстан жолы: Мәңгілік Ел» семинар-тренингі бойынша оқу құралы болып табылады. Қосымша оқыту және патриоттық тәрбие беру мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының қызметкерлері әзірлеген ақпараттық-ағартушылық курсы жастар арасында мәдени келісімді, жалпықазақстандық құндылықтарды, ұлттық бірегейлікті қалыптастырудың тиімді тетігі ретінде қызмет етеді.

ТЕҢГЕ – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ АЙШЫҚТЫ БЕЛГІСІ

13 желтоқсан 2018

Альбом «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев: мемлекеттік басқару стратегиясы және көшбасшылық феномені» ғылыми бағдарламасы «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.

ҚАЗАҚСТАН – БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ МЕКЕНІ

13 желтоқсан 2018

Альбом «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев: мемлекеттік басқару стратегиясы және лидерлік феномені» ғылыми бағдарламасы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев және ұлтаралық пен конфессияаралық әрекеттестік негізі...

«МУЗЕЙ ЖӘНЕ БАЛАЛАР» БҮЛДІРШІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ

13 желтоқсан 2018

"Музей және балалар" бүлдіршіндерге арналған жұмыс дәптері – балалармен жұмыс істеуге арналған әдістемелік құралдар сериясының жалғасы. Ұсынылып отырған басылым Қазақстан тарихындағы айтулы оқиғалар арқылы әліпбиді зерделеуге арналған жұмыс дәптері болып табылады. Жұмыс кітабы балаға музей туралы ақпаратты тиімдірек ұсынады. Дәптердің артықшылығы - бұл жазу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасайды және материалды өз бетінше зерттеуге арналған. Дәптерде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының қорларынан алынған материалдар пайдаланылады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫНЫҢ ЖЕКЕ МҰРАҒАТЫНЫҢ ҚОРЛАРЫ БОЙЫНША ЖОЛКӨРСЕТКІШ. 2-БӨЛІМ (80 – ХХ ҒАСЫРДЫҢ 90-ЖЫЛДАРЫНЫҢ БАСЫ)

13 желтоқсан 2018

Қорлар бойынша жол көрсеткіш – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының басылымға дайындаған, Мемлекет басшысының жеке мұрағатында сақталатын құжаттар мен материалдар туралы мәліметтерден тұратын мұрағаттық анықтамалық. Бұл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы құжаттардың құрамымен және мазмұнымен жалпы танысуға арналған анықтамалық-ақпараттық басылым.

ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ: ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕР ЖИНАҒЫ

13 желтоқсан 2018

Ғылыми еңбектер жинағына 2017 жылдың 24 сәуірінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында өткен "Президенттік Институт Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің негізі ретінде" дөңгелек үстеліне қатысушылардың мақалалары енді. Жинақта ұсынылған материалдар Қазақстан Республикасындағы президенттік институттың қалыптасуы мен даму үдерісін көрсетеді. Басылымда Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә.

ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНЫҢ ДЕМОКРАТИЗАЦИЯЛАНУЫ КОНТЕКСІНДЕГІ АЗАМАТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

13 желтоқсан 2018

Монографияда бірегейлік саласындағы шетелдік және отандық авторлардың еңбектеріндегі теориялық және қолданбалы зерттеулер негізінде, сонымен қатар бірегейліктің қазіргі жағдайы мен деңгейін сипаттайтын бұқаралық ақпарат құралдарында жүргізілген контент-сараптамалардың нәтижелері ұсынылған. Қазақстан Республикасындағы демократиялық қайта жаңғыру контексінде қазақстандық қоғамда азаматтық бірегейлікті қалыптастырудың ерекшеліктері баяндалған.

«ЕЛБАСЫ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР. 1940–1960 ЖЖ.» КАТАЛОГІ

13 желтоқсан 2018

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев: мемлекеттік басқару стратегиясы және көшбасшылық феномені» ғылыми бағдарламасы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев: тұлға және тарих» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды. Бұл құралда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә.

«АСТАНА: ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ 20 ЖЫЛЫ» ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ

13 желтоқсан 2018

Құралда тәуелсіз Қазақстанның елордасы – Астана қаласының қалыптасуының негізгі кезеңдері, қала дамуының саяси, әлеуметтік аспектілері, жүргізілген өзгерістердің ауқымы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың осы процестердегі рөлі көрсетілген. Басылым қалың оқырман қауымына арналған.

«ЕЛБАСЫТАНУ» КУРСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ

22 мамыр 2018

Әдістемелік құрал Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірі, қызметі және еңбек жолын өнеге ету арқылы жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру мақсатын көздейді. «Елбасытану» курсы әдістемелік құралы ұстаздарға, мәдениет саласы, мұражай, кітапхана қызметкерлеріне, жалпы барша оқырман қауымға арналған.