Ұсынылып отырған көрсеткіш - Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиялары сериясының жалғасы. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған.
Биобиблиографияға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының өмірі мен қызметі туралы материалдар, оның публикациялары және Елбасы туралы әдебиеттер кіреді.