5 маусымда Қазақстанда өткен Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдум маңызды ішкі саяси оқиғаға айналды.
Референдум нәтижелері қазақстандықтардың ел Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың бастаған реформаларына сенетіндігін, өзгерістерді қолдап, оларға дайын екендіктерін көрсетті. Қойылған міндеттерді дәйекті іске асыру демократияландырудың дамуына, қоғамның саяси мәдениетін арттыруға жаңа серпін береді.